Спорт

Геннадий Головкин мемлекет басшысына алғысын айтты

Боксшы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа президенті Геннадий Головкин мемлекет басшысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді, — деп жазды Геннадий Головкин парақшасында .

Source
BasSport.kz

TuraNews

Back to top button