Әлем

Газадан эвакуацияланған 142 түрік азаматы Мысыр арқылы Ыстанбұлға келді

Израильдің шабуылдарына байланысты Газадан эвакуацияланған 142 түрік азаматы мен олардың туыстары Мысыр арқылы Стамбулға келді, деп жазады TuraNews.kz.

Түрік азаматтарын тасымалдаған Түрік Әуе жолдарының ұшағы Ыстанбұл әуежайына қонды.

Азаматтарды әуежайда Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) лауазым иелері қарсы алды.

Паспорттық тексеру жұмыстарынан кейін кейбір азаматтар бөлінген көліктермен әуежайдан шықты, ал басқа аймақтарға баратындар автобустармен AFAD анықтаған қонақүйлерге орналастырылды.

Ыстанбұлға келген азаматтарды қарсы алған кейбір  туыстар көз жасын тыя алмады.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button