Әлем
Газадағы құрбандар саны 43 341-ге жетті
2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылынан қаза тапқандар саны 43 341-ге жетті.
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, бұл турады Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің анклавтағы 394 күндік геноцид қатысты жариялаған мәлімдемесінде айтты.
Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймағында жасаған «төрт қырғын» нәтижесінде тек соңғы 24 сағатта 27 адам қаза тапты. Сонымен қатар Палестина анклавының 86 тұрғыны зардап шекті.
– 2023 жылдың 7 қазанынан бері зардап шеккендердің жалпы саны 102 105-ке жетті, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Марқұмдардың денелері әлі де қираған ғимараттардың Астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен Азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.