Әлем

Газадағы құрбандар саны 40 мыңға жуықтады

Соңғы тәулікте Израиль үш жаппай «қырғын» әрекетін жасады, соның салдарынан 30 палестиналық қаза тауып, 66-сы жараланды.

Израиль армиясының 2023 жылдың 7 қазанынан бері қоршаудағы Газа секторына жасаған шабуылдарынан көз жұмғандар саны 39 653 адамға жетті, деп жазады Анадолы.

Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эксклавқа жасалған шабуылдар 305 күннен бері тоқтаған жоқ.

Соңғы 24 сағат ішінде Израиль үш жаппай «қырғын» әрекетін жасады, соның салдарынан 30 палестиналық қаза тауып, 66-сы жараланды.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің шабуылдарынан жараланғандар саны 91 535-ке жетті.

«Қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмайды», — деп мәлімдеді ведомство.

 

TuraNews

Back to top button