Әлем
Газадағы құрбандар саны 35,2 мыңнан асты
Израильдің Газа секторында 7 қазаннан бері жалғасып жатқан шабуылы нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 272-ге жетіп, 79 205 адам жараланды.

Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Анадолу. агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте эксклавтың тағы 39 тұрғыны қаза тауып, 64-і жараланған.
Баяндамада әлі де қаза тапқандардың денесі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатқаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.