Әлем
Газадағы құрбандар саны 33 843-ке жетті
Израильдің Газа секторында 7 қазаннан бері жалғасқан басқыншылық әрекеті салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 843-ке жетіп, 76 575 адам жараланды.

Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Anadolu агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте анклавтың тағы 46 тұрғыны қаза тауып, 110-ы жараланған.
Баяндамада қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде қалғаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.