Әлем
Газадағы құрбандар саны 31 272-ге жетті
Кейінгі 24 сағаттың ішінде 88 палестиналық Израиль шабуылының құрбаны болып, тағы 135 адам жарақат алған.

Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудраның мәлімдеуінше, 2023 жылдың 7 қазанынан бері блокададағы Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 31 272-ге жеткен.
— Кейінгі 24 сағаттың ішінде 88 палестиналық израильдік шабуылдың құрбаны болды, тағы 135 адам жарақат алды, — деді әл-Кудра.
Палестинаның ресми өкілі 7 қазаннан бері Израиль шабуылдарынан жараланғандардың жалпы саны 73 024-ке жеткенін, қаза тапқан палестиналықтардың 72 пайызын әйелдер мен балалар құрайтынын хабарлады.