Әлем
Газада соңғы 24 сағатта тоғыз бала аштықтан көз жұмды
Газа секторындағы ауруханаларда соңғы 24 сағатта кем дегенде тоғыз бала аштықтан көз жұмды.
Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы Палестина билігіне сілтеме жасап хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, соңғы тәулікте анклавтың солтүстігіндегі Камал Адван ауруханасында жеті бала тамақтанбағандықтан көз жұмды. Тағы бірнешеуінің жағдайы ауыр, оларға күтім жасау қиын, себебі ауруханада электр генераторларында жанармай таусылған.
Анклавтың денсаулық сақтау министрлігі Газа секторындағы Аль-Шифа ауруханасында тағы екі баланың сусыз және тамақсыз қалу салдарынан қайтыс болғанын хабарлады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, 570 мыңнан астам адам (Газа халқының төрттен бірі) «аштықтан» және анклавтың солтүстігінде екі жасқа дейінгі әрбір алты баланың бірі осы дұрыс тамақтанбаудан зардап шегеді.