Әлем
Газада соғыс құрбандарының саны 35 мыңнан асты
Газа секторында Израиль тарапынан жасалған шабуыл құрбандарының саны 35 034 адамға жетті

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 034-ке жетіп, 78 755 адам жараланды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазады.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте эксклавтың тағы 63 тұрғыны қаза тауып, 114-і жараланған.
Баяндамада қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде қалғаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.