Әлем

Газада қаза тапқандар саны 50,7 мыңға жетті

Газа секторында 2023 жылдың қазан айынан бері соғыс салдарынан 50,7 мыңнан астам палестиналық қаза тапты.

Мұндай мәліметтерді Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі Telegram-каналында жариялады, деп жазады ТАСС

— 2023 жылдың қазан айынан бері Израиль шабуылы құрбандарының саны 50 752-ге жетті, тағы 115 475 адам жарақат алды, — делінген Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы 24 сағатта Газа ауруханаларына 137 жаралы және 57 адамның денесі жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Газадағы құрбандар саны 50 мыңнан асқанын хабарлаған еді.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button