Әлем

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 39 480-ге жетті

7 қазаннан бері Палестинаның Газа секторында жараланғандардың жалпы саны 91 128-ге жетті

Соңғы 24 сағат ішінде Израиль армиясының шабуылынан эксклавтың тағы 35 тұрғыны қаза тапты, деп жазады Anadolu.

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде Газа секторында 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан Израильдің шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 39 480-ге жеткені айтылды.

Соңғы 24 сағат ішінде Израиль армиясының шабуылдары салдарынан эксклавтың тағы 35 тұрғыны қаза тауып, 55-і жараланды.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі өз мәлімдемесінде 7 қазаннан бері жараланғандардың жалпы саны 91 128-ге жеткенін қоса кетті.

Қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмайды, деп қосты ведомство.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button