Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 41 252-ге жетті
Соңғы 24 сағат ішінде атқылаудан 26 палестиналық қаза тауып, тағы 84-і жараланды.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері блокададағы Газа секторына геноцид жасады деп айыпталған Израиль армиясының шабуылдарынан көз жұмғандар саны 41 252 адамға жетті. Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің жаппай шабуылдары 347-ші күннен бері тоқтаған жоқ.
«Соңғы 24 сағаттың ішінде Израиль армиясы Газа секторының әртүрлі аймақтарында үш «қырғын» жасап, нәтижесінде 26 палестиналық қаза тауып, тағы 84 адам жарақат алды», – делінген хабарламада.
2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің шабуылдарынан жарақат алған палестиналықтардың саны 95 497-ге жетті. Мыңдаған адамның денесі ғимараттардың қирандыларының астында қалған болуы мүмкін. Азаматтық қорғаныс топтары Израильдің шектеулеріне байланысты оларға жете алмай отыр.