Әлем
Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 27 мыңға жақындады
Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 26 мың 751 палестиналық қаза тапты.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газадағы өкілі Ашраф әл-Кудраның айтуынша, Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 26 мың 751 палестиналық қаза тапты. Оның ішінде кемінде 11 мың бала, 7 мың 500 әйел қаза тауып, 65 мың 636 адам жарақат алды.
Палестина «WAFA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда Израиль ұшақтарының Газаның орталық бөліктеріндегі Дейр әл-Белах қаласындағы үйлерге жасаған шабуылында қаза тапқан және жараланған көптеген адам Ақса шейіттері ауруханасына жеткізілді.