Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йоркте Газа мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, леп жазады Kazinform агенттігі.
Әлемнің азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жетекші сарапшыларының пікірінше, Газаның солтүстігінде ашаршылық болады.
– Газадағы барлық палестиналықтардың жартысынан көбі, яғни 1,1 миллион адамның азық-түлік қоры таусылды, бұл алапат ашаршылық қаупін төндірді. Мәліметке сүйенсек, Газадағы палестиналықтар өте азапты күндерді бастан кешіріп жатыр, – деді Гутерриш.
Сонымен бірге Гутерриш мұның толығымен техногендік апат екенін және оны тоқтатуға болатынын баса айтты.
– Мен Израиль үкіметін Газаға гуманитарлық жүктің толық және кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуге, ал халықаралық қауымдастықты біздің гуманитарлық көмегімізді жан-жақты қолдауға шақырамын, – деп аяқтады Гутерриш.