Әлем

Газа секторында құрбан болғандар саны 37 мыңнан асты

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан шабуылдарынан құрбан болғандар саны 37 084-ке жетті.

Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылды, деп жазады Anadolu.

Ведомство Израиль армиясының Палестина анклавына құрлық, теңіз және әуе арқылы жаппай шабуылдары 247 күннен бері тоқтамағанын еске салады.

Министрлік келтірген дерекке сай, тек соңғы 24 сағат ішінде Израиль Газа секторында сегіз рет шабуыл жасап, салдарынан 283 адам қаза тапты, оның ішінде Нусайрат босқындар лагерінде 274 адам қаза тауып, 698 адам ауыр жарақат алған.

«2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде жараланғандар саны 84 494-ке жетті», — деп хабарлады Газа Денсаулық сақтау министрлігі.

Қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында, жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштері жасаған кедергілерге байланысты оларға жете алмайды.

TuraNews

Back to top button