Әлем
Газа секторында қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты
Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 45,317 адамға жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемесінше, Израиль армиясының 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны соңғы 24 сағатта 58-ге артып, 45 мың 317-ге, ал жараланғандар саны 86-ға артып 107 мың 713-ке жетті.
Газа секторында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері израильдік әуе шабуылдары салдарынан қаза болғандардың денелерін тасымалдау және жарақат алғандарға көмек көрсету қиындағанын атап өткен.