Әлем

Газа секторында қаза тапқандар саны 20 915-ке жетті

7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан кем дегенде 20 915 палестиналық қаза тауып, 54 918 адам жарақат алды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Бұл туралы Газада орналасқан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кедра баспасөзде мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, соңғы тәулікте Израиль армиясының Газа секторындағы әуе және жердегі 18 операциясы барысында 241 палестиналық қаза тауып, 382-сі жараланған.

А. әл-Кедра халықаралық ұйымдарды Газадағы ауруханалар мен медициналық қызметкерлерді, сондай-ақ ондағы жаралыларды, науқастарды және босқындарды қорғауға көмектесуге шақырды.

Ол сондай-ақ халықаралық қауымдастықты «Газадағы мыңдаған жаралылар мен науқастарды шұғыл қажетті дәрі-дәрмек пен жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін күш-жігерді жеделдетуге» үндеген.

 

TuraNews

Back to top button