Әлем
Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 мыңнан асты
Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні Израильдің үздіксіз шабуылдары нәтижесінде анклавта қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 мыңнан асқанын хабарлады.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, соңғы тәулікте израильдік әскерилер шабуылынан 62 палестиналық көз жұмған, тағы 91-і жараланған. Осылайша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыстан Газа секторында қаза тапқандардың жалпы саны 33 037 адамға, жараланғандар саны 75 668-ге жетті.
Бұл арада Палестинаның әлеуметтік даму министрі Самах Абу Аун Израильдің анклавты үздіксіз атқылауынан 14 861-ден астам баланың қаза тапқанын және Газада 17 000-ға жуық баланың жетім қалғанын айтты.
«Газаның солтүстігінде аштықтан қаза тапқандар саны кем дегенде 30 адамға жетті», — деді министр.