Әлем

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 19 мыңнан асты

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған соққыларының салдарынан қаза тапқандар саны 19 667-ке жетті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Израиль армиясы 7 қазаннан бері шабуылдарын жалғастырған Газа секторында 19 мың 667 палестиналық қаза тауып, 52 мың 586 адам жараланды.

Израиль күштерінің Газа қаласындағы әл-Римал ауданын бомбалауы кесірінен 50 палестиналық қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Үйінділер астында қалған 50-дей із-түзсіз жоғалған адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Израиль армиясының Газа секторының солтүстігіндегі Джибалия аймағына жасаған шабуылдарында көбісі балалар мен әйелдер болған ондаған адам қаза тапты

Газа секторындағы үкімет Израиль армиясының Газада жасаған шабуылдарында қаза тапқан журналистер санының 97-ге жеткенін хабарлады.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған аяусыз шабуылдарында 52 мың 600 үй толығымен қирап, 254 мың үй зардап шекті.

 

Via
TRT

TuraNews

Back to top button