Денсаулық

Ғалым: Мейірімді адамдар жүрек-қан тамыр ауруларына сирек шалдығады

Мадридтегі Автономды университеттің профессоры әрі нейроғылым саласындағы зерттеуші Джонатан Бенитоның айтуынша, мейірімді адамдардың денсаулығында ашуланшақ адамдарға қарағанда айтарлықтай артықшылығы бар.

АЗЕРТАДЖ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлағандай, сарапшының пікірінше, мейірімді адамдар жүрек-қантамыр және ми қан айналымы ауруларына агрессивті тұлғаларға қарағанда азырақ шалдығады. Бұдан бөлек, олардың өмір сүру ұзақтығы да едәуір жоғары.

Зерттеуші сондай-ақ ашуланшақ адамдардың, жүрегі жұмсақ адамдарға қарағанда бақыттың не екенін жіті түсінбейтінін айтады. Оларда үнемі кортизол гормоны мен фибриноген ақуызының деңгейі жоғары болады. Бұл өз кезегінде қанның ұйып қалуын, инсульт пен инфарктінің пайда болу қаупін арттырады. Жалпы алғанда, мұндай адамдардың өмір сүру сапасы әлдеқайда төмен, деп түйіндеді ғалым.

 

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button