Қоғам
Ғалым Жарылғапов атындағы колледжде жас көшбасшылар бас қосты

Ұлытау облысындағы жастар көшбасшылары арасында «Бүгінгі азаматтық белсенділік» тақырыбында панельдік пікірталас Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінде өтті.
Іс-шара барысында белсенді жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, азаматтық жауапкершілік, еріктілік қызмет, әлеуметтік бастамалар мен жастардың қоғамдық өмірге араласу деңгейі жөнінде ой бөлісті.
Пікірталас алаңы ашық форматта ұйымдастырылып, қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, жастардың бастамаларын қолдау және олардың қоғамдағы рөлін арттыру бағытындағы маңызды мәселелер көтерілді.
Осындай кездесулер жастардың белсенділігін арттырып, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен серпін береді.



