Спорт

Футзалдан әлем чемпионаты: плей-офф сатысындағы ойындар жалғасады

Бүгін футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионаты плей-офф сатысындағы екінші ойын күні өтеді.

Испания мен Венесуэла кездесуі елорда уақытымен 17:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал, Парагвай мен Ауғанстан құрамалары сағат 20:00-де шеберлік байқасады.

26 қыркүйекте Португалия мен Қазақстан, Иран мен Марокко кездеседі. 27 қыркүйекте плей-офф сатысында Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кім мықтыны анықтайды.

Айта кетсек, аталған сында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды жігіттер қорғап жатыр.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button