Спорт
Футболдан Қазақстан қыздар құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді
Футболдан 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді.

Ойын барысында грузиялық құрамадан Наталья Квирквайя 4-минутта есеп ашты. Одан кейін қазақстандық футболшылар белсенді қимылымен көзге түсіп, қарсылас қақпасын бес мәрте дәл көздеді. Ел құрамасынан 37-минутта Валерия Попва таразы басын теңестірсе, ол 53-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты.
Одан кейін Аяжан Қожабекова 64, Қазына Норбаева 72, Адия Асқарова 88-минутта гол соқты.
Осылайша ел құрамасы қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық футболшылар Эстонияға 1:2 есебімен жеңіліп, Солтүстік Ирландиямен 0:0 есебімен тең түскен еді.