
С лигасында өнер көрсететін ұлттық командамыз бұл жолы Армения қыздарымен кездесті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті және алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды.
Қорытынды есеп: 4:1. Қазақстан сапынан Александра Бурова, Аида Гайстенова, Бибігүл Нұрышева және Әселхан Тұрлыбекова мергендігімен көзге түсті.
Осылайша, Мадияр Кембілов баптайтын қазақ қыздары іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Топтық кезеңнің 4 турынан кейін ұлттық құрама 3 ұпаймен ең төменгі сатыда тұр. Ұпай көрсеткіші жағынан Болгариямен тең. Ал топ басына Румыния және Армения командалары жайғасты.