ҚоғамСпорт

Футболдан Чемпиондар лигасы финалын қайдан көруге болады?

Қазақстандық жанкүйерлер футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалындағы «Манчестер Сити» және «Интер» кездесуін қай телеарнадан көре алатыны белгілі болды, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агеніттігіне сілтеме жасап.

Кездесу маусым айының 10-нан 11-не қараған түні Түркияның Ыстанбұл қаласында 00:50-де басталады.

Ойынды еліміз бойынша «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Екі команда бұған дейін ресми ойындарда кездесіп көрмеген.

Ағылшындық клуб өз тарихында 2021 жылы тұңғыш мәрте финалға шыққан. Дегенмен, қарсыласына есе жіберіп, бас жүлдесіз қалды.

Айта кетсек, «Интер» жарыстың аталған сатысына 13 жылдан кейін жолдама алып отыр. 2010 жылы бұл клуб аталған турнирдің жеңімпазы атанған еді. Команда 1964, 1965, 2010 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанса, 1967, 1972 жылдарда финалда қарсыласына есе жіберіп қойды.

TuraNews

Back to top button