Спорт

Футболдан әлем чемпионатының форматы жаңарды

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының өту офрматын жаңартты. Үш жылдан кейінгі доп додасында 48 құрама бақ сынайды. Олар 4 командадан 12 топқа бөлінеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Әлем чемпионатының 1/16 финалына топтарында бірінші және екінші орын алған құрамалар, сондай-ақ үздік үштікті түйіндеген сегіз команда шығады. Турнирдегі матчтар саны ееді 80 емес, 104 болады. Ал жарыс 56 күнге созылады.

2026 жылғы әлем чемпионы 19 шілдеде анықталады деп жоспарланып отыр.

Үш жылдан кейін болатын теңбіл доп бәсекесі Канада, АҚШ пен Мексика елдерінде өтеді.

TuraNews

Back to top button