Даңқты бразилиялық футболшы Пеле 82 жасында дүниеден озды. Ол ұзақ уақыт бойы оба ауруымен күресті, деп хабарлайды хабарлайды Turanews.kz, bassport.kz сайтына сілтеме жасап.
Пеле футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы (1958, 1962, 1970) атанған жалғыз ойыншы болатын.
2021 жылдың күзінде Пеледен онкологиялық ауру анықталып, «Футбол королі» тиісті ем-дом шараларын қабылдаған. Десе де, уақыт өте келе химиотерапиялар ағзаға әсер етуін тоқтатып, футболшының жағдайы нашарлай түскен. 29 қараша күні Пеле жаңа ем шараларын қабылдау үшін ауруханаға жатқызылған болатын.
Атақты футболшы Бразилия ұлттық құрамасы үшін барлығы 92 матч өткізіп, 77 гол соққан.