Әлем

«Фукусима-1» атом станциясында қолданылған су Тынық мұхитына төгіле бастады

Жапонияның «Фукусима-1» Атом-электр станциясындағы (АЭС) апаттан 12 жыл өткеннен кейін Токио билігі ядролық реакторларды суыту үшін пайдаланылған радиоактивті суды Тынық мұхитына төге бастады. Бұл туралы  Deusche Welle хабарлайды.

2011 жылы Жапонияда жойқын зілзала болып, «Фукусима-1» АЭС-те энергиямен қамту және суыты жүйесі істен шықты. Салдарынан үш реакторда ядролық отын балқып, артынан жарылыс болды, ауаға радиация тарады. Ауқымды территориялар зақымданды, олардан ондаған мың адам эвакуацияланды.

Реакторларды суыту үшін су пайданылды. Кейін жиналып қалған 1343 млн текше метр суды сақтау қиынға соға бастады, резервуарлар лық толған. 2021 жылдың сәуірінде Жапония үкіметі теңізге судың айтарлықтай көлемін төгуге рұқсат етті. Мәліметтеріне сүйенсек, су радиоактивті заттардан тазартылған. Дегенмен, оның құрамында сутегінің радиоактивті изотопы – тритий бар.

Жапон билігі суды Тынық мұхитына шақырымдық туннель арқылы ағызуды көздеп отыр. Алғашқы партия ретінде 17 күн ішінде мұхитқа 7800 тонна су жіберіледі деп жоспарланған. Мамандардың пікірінше, қалдықтарды тастау 30 жылға созылады. Бұл суды неліктен жерде сақтауға болмайтыны туралы сұраққа жапон билігі нақты жауап берген жоқ.

Жапонияның ядролық реттеу мекемесі, сонымен қатар Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) суды Тынық мұхитқа ағызу туралы жоспарды мақұлдады.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button