FTX крипто биржасының негізін қалаушы 25 жылға бас бостандығынан айрылды
Ірі криптовалюта биржаларының бірі FTX негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры Сэм Бэнкман-Фридті АҚШ соты 25 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін Бэнкман-Фрид клиенттерден 8 миллиард доллар жымқырып, қаржылық алаяқтық ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Прокуратура оған 40 жылдан 50 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Үкімді бейсенбі, 28 наурызда Нью-Йорк округінің судьясы Льюис Каплан жариялады. Сот криптоинвесторды клиенттерге 11 миллиард доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.
Судьяның айтуынша, айыпталушы «осы қылмыстарды жасағаны үшін бір ауыз өкініш білдірген жоқ».
2019 жылы негізі қаланған FTX биржасы 2022 жылдың қарашасында 32 миллиард долларға бағаланды. Бэнкман-Фридтің екінші ірі бизнесінің активтері негізінен өз биржасы шығарған криптовалютадан тұратыны туралы журналистік зерттеу жарияланғаннан кейін компанияның құны бірнеше күн ішінде нөлге дейін төмендеді.