ӘлемСпорт

Франц Беккенбауэр өмірден өтті

Футболдан 1974 жылғы әлем чемпионы неміс Франц Беккенбауэр 78 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы BasSport.kz-ге сілтеме жасап.

Тagesschau.de мәліметінше, аңыз футболшы жексенбі күні қайтыс болған. Әлем чемпионатынан бөлек Беккенбауэр 1972 жылы Еуропа біріншілігінде жеңімпаз атанған.

Беккенбауэр неміс футболының тарихында үздік ойыншылардың бірі болды. Ол «Бавария» сапына 13 жасында қосылып, 20 жаында ұлттық құрамада өнер көрсетті. «Бавариямен» бірге қорғаушы ел біріншілігінде төрт рет топ жарды.

Беккенбауэр – екі дүркін «Алтын доп» иесі.

TuraNews

Back to top button