Әлем
Финляндияда көпір құлап, 24 адам зардап шекті
Бейсенбі күні Финляндия астанасы Хельсинкиге жақын маңдағы Эспоо қаласында жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құлауы салдарынан кемінде 24 адам зардап шекті, деп хабарлайды Turanews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін шереден уақытша көпір салынғанын мәлімдеді.
Хельсинки университеттік ауруханасының мәліметінше, жарақат алғандардың көбі — экскурсиядан оралып келе жатқан мектеп оқушылары.
Ауруханаға жеткізілген адамдардың көпшілігінің биіктіктен құлау салдарынан аяқ-қолдары сынған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның егжей-тегжейін түсіндірген жоқ, деп хабарлайды Breaking News.