Туризм

Еурокомиссия: Қазақстан — ұшуға қауіпсіз ел

Қазақстан ұшуға қауіпсіз ел. Еурокомиссия республиканың әуе кеңістігі мен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі деңгейін осылай бағалады. Бұл туралы Брюссельде еліміздің азаматтық авиация құрылымдары делегациясы мен Еуропалық комиссия, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік өкілдерімен кездесуде белгілі болды.

Сондай-ақ Еуропалық комиссия өкілдері бүгінгі күні қазақстандық авиакомпанияларда Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулер енгізу бойынша қауіптер жоқ екенін растады. Шетелдік сарапшылар Қазақстанда 2019 жылдан бастап іске асырылып жатқан азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделін жоғары бағалады. Өз кезегінде Қазақстан ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, әуе персоналын лицензиялау, ұшу қауіпсіздігі басқармасы сынды салаларда атқарылған жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді. Еуропалық тарап аталған мәселелерде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Source
Jibek Joly

TuraNews

Back to top button