БастыСпорт

EURO 2024: Түркия құрамасы Чехияны жеңіп, 1/8 финалына шықты

Гамбургте Түркия құрамасы Еуро-2024 топтық кезеңінің үшінші турындағы ойында Чехия командасын 2:1 есебімен жеңді.

Түркия құрамасында Хакан Чалханоглу (51-минут) пен Дженк Тосун (90+4) гол соқса, Чехия сапында Томаш Соучек (66) гол соқты.

20-шы минутта чехиялық жартылай қорғаушы Антонин Барак екінші сары қағаз алып алаңнан қуылды. Соңында тағы бір қызыл чех шабуылшысы Томаш Хориге (90+8) берілді.

F тобындағы параллельді ойында Грузия құрамасы Португалия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Нәтижесінде бұл топтан плей-оффқа Португалия (алты ұпай), Түркия (алты) және Грузия (төрт) жолдама алды. Чехия (бір) турнирден шығып қалды.

1/8 финалда Португалия 1 шілдеде Франкфурт-на-Майн қаласында Словениямен, Түркия 2 шілдеде Лейпцигте Австриямен, ал Грузия 30 маусымда Кельн қаласында Испаниямен ойнайды.

TuraNews

Back to top button