БастыСпорт

Euro-2024: Қазақстан үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу матчында сырт алаңда Солтүстік Ирландия командасын жеңді, деп хабарлайды Turanews.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.

Белфастта өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Тыңнан ойынға қосылған Абат Айымбетов кездесудің 88-минутында қарсыластың бірнеше ойыншысын алдап өтіп, жеңіс голын соқты.

Осы жеңістің арқасында қоржынында 9 ұпайы бар Қазақстан Н тобындп екінші орынға жайғасты. Бізге қарағанда көбірек гол соққан Финляндия дәл осындай ұпаймен бірінші орында келеді.

Қыркүйекте Қазақстан Финляндия және Солтүстік Ирландия құрамаларымен кездеседі.

TuraNews

Back to top button