Саясат

ЕС SWITCH-ASİA форумында Қазақстан Орталық Азияда циркулярлық құрылысты енгізуге қолдау білдірді

Қазақстан 22-23 мамырда Бішкекте өтіп жатқан ЕО SWITCH-Asia халықаралық платформасында циркулярлық экономика мен жасыл құрылыс стандарттарын енгізуге қолдау білдіріп, өзінің тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын растады.

Қазақстандық делегация құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А. Қалықов және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы С. Қалқаманов.

Орталық Азия елдері арасындағы тәжірибе алмасуға арналған сессия барысында А. Қалықов Қазақстан циркулярлық экономиканы тұрақты өсімнің стратегиялық векторы ретінде қарастыратынын атап өтті:

«Біз циркулярлық экономиканың құрылыс, агроөнеркәсіп және қалдықтарды басқару сияқты секторлардағы маңыздылығын түсінеміз. Оның әлеуетін іске асыру үшін мемлекеттік саясаттың үйлесімділігін қамтамасыз ету, стандарттарды енгізу, адами капиталды дамыту және үздік халықаралық тәжірибелерді пайдалану қажет».

Кейінірек құрылыс және орнықты инфрақұрылым жөніндегі тақырыптық сессия барысында С. Қалқаманов Қазақстанның жасыл сәулет пен нормативтік базаны дамытуға қосқан тәжірибелік үлесіне баса назар аударды:

«Бүгінде бізге экологиялық бастамаларды әзірлеп қана қоймай, жұмыс істеп тұрған механизмдерді де масштабтау қажет. Қазақстан орнықты өсім мен өңірлік интеграцияның негізі ретінде құрылыстағы циркулярлық тәсілдерді енгізуді қолдайды», — деді Қалқаманов, ол еліміздің позициясын SWITCH-Asia бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі ретінде ұсынды.

Циркулярлық құрылыс — материалдарды қайта пайдалануға, қалдықтарды қайта циркуляциялауға, энергия тиімді технологияларға және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға негізделген сәулет пен қала құрылысына қазіргі заманғы тәсіл. Қазақстанда бұл бағытқа ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізу, ұлттық стандарттарды әзірлеу және инновацияларды ынталандыру арқылы қолдау жасалады.

SWITCH-Asia форумында Орталық Азия елдерінен парламенттердің, министрліктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері және техникалық сарапшылар бас қосты. Талқыланған басты тақырып — жасыл мемлекеттік сатып алуларды іске асыру, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі, бизнесті тұрақты жеткізу тізбегіне тарту және тұрақты тұтыну мен өндіріс саласындағы заңнамалық бастамаларды ілгерілетудегі парламентарийлердің рөлі.

Қазақстандық делегация сондай-ақ халықаралық серіктестермен және ЕО өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, циркулярлық күн тәртібі аясында жасыл технологиялар трансферті, климаттық шешімдерді қолдау және стандарттау жөніндегі шараларды талқылады.

TuraNews

Back to top button