Қоғам
Ертіс жағалауындағы нағыз тартыс: «Семей батыры» күштік экстрим турнирі өтті
2025 жылғы 4 тамызда Ертіс жағалауында (Шмидт көшесі бойы) Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары ерекше спорттық шараның куәсі болды. «Семей батыры» атты күштік экстрим ашық турнирі биыл жаңа деңгейге көтеріліп, тұңғыш рет Қазақстанның барлық облыстарынан жиналған сайыскерлердің басын қосты.
Турнир барысында көрермендер қатысушылардың төзімділігі мен шынайы күшін тамашалады.
Жарыс бірнеше кезең бойынша өтті:
- 70 келілік ауыр қапты алып жүру,
- сол салмақтағы зерхерді ұзақ ұстап тұру,
- 32 келілік гір тасты жұлқа көтеру,
- 50 келілік бөренемен отырып-тұру,
- алып дөңгелекті аудару,
- екі қолда 70 келіден гантельмен фермерлік серуендеу,
- және ең әсерлі кезең – 20 минут бойы автобус сүйрету.
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен палуандар бағалы сыйлықтармен және қомақты қаржылай сыйақылармен марапатталды.
«Семей батыры» турнирі – тек күш пен шеберлік қана емес, сондай-ақ ерлік пен табандылықтың нағыз көрінісі.