Басты

Ертең Ыстанбұлда 6-шы этноспорт мәдениеті фестивалі басталады

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен 6-шы этноспорт мәдениеті фестивалі Ататүрік әуежайында 6-9 маусым аралығында өтеді.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы аясында осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отырған фестиваль бағдарламасында көкпар, тоғызқұмалақ, күрес, жамбы ату, асық тәрізді көшпенділердің ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтеді.

Қатысушылар фестиваль алаңында өткізілетін түрлі шеберлік сабақтары арқылы түркі мәдениетінің дәстүрлерін, соның ішінде ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын тамашалауға мүмкіндік алады.

Келушілер үшін барлық іс-шаралар тегін.

Source
Агентсво Анадолу

TuraNews

Back to top button