Кеше Ереванда ІІІ Еуразиялық экономикалық форум басталды. Форум ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп жазады Kazinform.
Форумға қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының өзекті бағыттарын, жан-жақты кооперация мен технологиялық ынтымақтастықты, цифрландыруды, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамытуды, ішкі нарықтың сапасы мен кәсіпкерлікті қолдауды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты және жалпы ЕАЭО-ның стратегиялық дамуын талқылайды.
Форум барысында жоспарланған іс-шаралар аясында қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді қозғайды: ішкі нарықтың сапасы, логистика мен инфрақұрылымды дамыту, монополияға қарсы реттеу, электрондық сауда, цифрландыру, өнеркәсіптік кооперация, туризм және басқалар.
Форум аясында ЕАЭО — Иран іс-шараларының сериясы өтеді, оған Иранның кәсіпкерлік қоғамдастығы, мемлекеттік секторы, өнеркәсіптік сектор компаниялары, көлік және логистика өкілдері қатысады.
Бұдан басқа, ЕАЭО-Иран бизнес-диалогы, ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда мен инвестицияларға жәрдемдесу құралдары бойынша дөңгелек үстел, ЕАЭО және Иран елдерінің өнеркәсіп секторы, Көлік және логистика компаниялары үшін дөңгелек үстел, аграрлық сектор компаниялары үшін іс-шара жоспарланған.