Әлем

Ердоғанның сырқаттанып, ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Түркияның байланыс министрлігіне қарасты жалған ақпаратпен күрес орталығы ел басшысы, Режеп Тайып Ердоғанның ауруханада жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Turanews.kz.

Бұл жайында аталмыш орталықтың кеше Twitter-де жариялаған жазбасында айтылған.

«Президент Режеп Тайып Ердоғанның жүрек ұстамасы ұстап, ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрметті ел басшысы 27 сәуірде «Аккую» атом электр стансасынан алғашқы жанармай жөнелту салтанатты шарасына Анкарадағы кеңсесінен тікелей байланыс арқылы қатысады», – делінген хабарламада.

Кейіннен Түркияның вице-президенті Фуат Октай мәлімдеме жасап, президенттің денсаулығы өте жақсы екенін айтты.

«Үнемі байланыстамыз, аздап суық тиіп қалды», – деді ол.

Еске салсақ, бұқаралық ақпарат құралдары Түркия президенті жүрек ауруына шалдықты деп жазған болатын. Кеше Режеп Тайып Ердоған телеарнаға сұхбат беріп отырған кезде өзін жайсыз сезінген соң тікелей эфир ортасынан үзілген.

TuraNews

Back to top button