ҚоғамСаясат

Ердоған Түркияда жоспарланбаған үйге кіріп ауыз ашты

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен елдің бірінші ханымы Эмине Ердоған жергілікті тұрғынның үйінде қонақ болып, ауызашарға қатысқан.

TRT Haber басылымының хабарлауынша, құрметті меймандарға түркиялық отбасы Мұрат пен Алиме ақ дастархан жайып, қонақ еткен.

Эмине Ердоған бұл отбасына алғыс айтып, жазба арнады.

«Оларға алғыс айтамыз. Жайған үстелі әрқашан молшылыққа толы болсын», – делінген Эмина Ердоғанның жазбасында.

TuraNews

Back to top button