ӘлемБастыМәдениетСаясат

Ердоған: Түркі әлемі жаңа белестерге шығуда

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұл Халич конгресс орталығында өткен 10-шы Дүниежүзілік Түрік Іскерлер Құрылтайында сөз сөйледі, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

«Түркі әлемі жаңашылдық және дамуға ашық өркениеттің тамаша жинақтауымен, мықты мемлекеттік дәстүрімен, берік қоғамдық құрылымымен, көреген азаматтық ұйымдарымен жаңа белестерге шығуда» деп айтты Ердоған.

Түркі әлемінің жаңа белестерге шыққанын түсіндірген  Ердоған «Қарым-қатынас мүмкіндіктері жақсарып жатқан осы кезеңде туған жер мен диаспора арасындағы байланысты нығайту бұрынғыдан тіпті  оңай» деді.

Ердоған «Түркияның қас жаулары да біздің елімізді елеусіз қалдыра алмайды және экономикамызды қара бұлтқа айналдыру әрекетінде сәтсіздікке ұшырайды» деп айтты.

TuraNews

Back to top button