БастыСаясат

Ердоған Иранның жаңа президентімен аймақтық мәселелерді талқылады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкянмен телефон арқылы сөйлесті.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, телефон арқылы сөйлесу барысында елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды.

Түркия басшысы екіжақты байланыстардың барлық салаларда одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Режеп Тайып Ердоғанның Масуд Пезешкянды сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны және жаңа қызметінде сәттілік тілгені атап өтілді.

TuraNews

Back to top button