БастыСаясат

ЕО Мажарстанды уақытша дауыс беру құқығынан айырмақ

Еуропалық Одақ Мажарстанды ЕО Кеңесінде уақытша дауыс беру құқығынан айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бұл талқылау Одақ өкілдерінің пікірінше, Мажарстан әрекеттерінің құқық үстемдігі, сөз бостандығы сияқты шешуші құндылықтарға қарама-қайшылығымен байланысты болып отыр.

Еуропалық Одақ Кеңесі веб-порталдағы күн тәртібіне сәйкес 27 мамыр күні өтетін мәжілісте Мажарстанды дауыс беру құқығынан айыру мүмкіндігіне қатысты тыңдау өткізді.

Бұл Еуропа парламенті 2018 жылы Мажарстанға қарсы 7-ші бапты қолдану процедураларын бастағалы сегізінші тыңдау болып отыр.

ЕО Келісімінің 7-ші бабы егер ЕО-ға мүше мемлекет ұйымның негізгі ұстанымдарын қайта-қайта бұза беретін болса, оны Кеңесте дауыс беру құқығыннан айыру мүмкіндігін қарастырады.

Егер шара қолға алынса, ол ЕО-ның ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы бірауыздан дауыс беруі тиіс шешім қабылдау үдерісіне әсер етеді.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button