Енді қазақстандықтар видеоны YouTube-тан жарнамасыз көре алады
YouTube Premium (Премиум) есептік жазбаны сатып алу мүмкіндігі бұрын Қазақстанда болмаған YouTube қызметтерінің кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Премиум» есептік жазбасы арқасында, қолданушылар YouTube бейнелерін жарнамасыз көре алады. Сондай-ақ интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады.
Биыл елімізде Youtube Premium іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму миинстрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Turanews.kz.
«Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.
YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.
Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қол жетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар,» — деп атап өтті министр.