Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы
Өскемен өнеркәсіптік арматура зауытының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасының негізгі идеяларын түсіндіріп, құжатта еңбек адамының мәртебесіне ерекше мән берілгенін атап өтті.
Жиында «Еңбек адамы – экономиканың құралы емес, мемлекеттің басты құндылығы» қағидаты кеңінен талқыланды. Коалиция өкілдерінің айтуынша, Жаңа Конституция жобасының басты ұстанымы – мемлекет үшін ең қымбат құндылық өндіріс көлемі немесе пайда емес, ең алдымен адам екендігін айтылды.
«Жаңа Конституция жобасында еңбек адамына ерекше назар аударылуы – әділетті қоғам құрудың айқын көрінісі. Әрбір жұмысшы өзін қорғалған сезінуі тиіс. Қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ жалақы және кемсітусіз қарым-қатынас – бұл жай ғана ұран емес, конституциялық кепілдікке айналуда», – деді коалиция мүшесі Зоя Новолодская.
Жаңа Ата заңда, әрбір азаматтың еңбек етуге, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге, еңбегі үшін кемсітусіз және әділ ақы алу құқығы Конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл нормалар еңбек қатынастарындағы әділдікті күшейтіп, жұмысшылардың құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерін айқындайды.
Кездесу соңында өңірлік коалиция мүшелері өндірістік ұжымды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысып, болашақ үшін дүрыс таңдау жасауға шақыры.



