Қоғам
Елорданың қоғамдық көліктерінде тарихи тұлғалар жайында аудиохабарламалар іске қосылды
Елорданың қоғамдық көліктерінде қала көшелеріне есімі берілген тарихи тұлғалар жайлы қысқаша мәліметтер аудиоформатта жариялана бастады.

Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп айтты, деп жазады «Адырна» сайты.
«Қазіргі таңда жолаушылар Астанадағы 84 бағыт бойынша, дәлірек айтсақ 502 автобуста осындай аудиохабарламаны тыңдай алады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының тарихи тұлғаларымыз туралы ақпарат алуына мүмкіндік беруде»,—деді ол.