БастыҚоғам

Елордада Түркия мемлекетіндегі Балалар мерекесі аталып өтті

Бүгін Астанада Түркия мемлекетінің "23 сәуір-Ұлттық Егемендік және балалар мерекесі" аталып өтті.

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінде ұйымдастырылған іс-шараға, Түркияның Қазақстандағы Елшісі Мустафа Капуджу, елшілік өкілдері, олардың отбасылары және Астана қаласының әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығынан» келген балалар және тәрбиеленушілері — барлығы 20-ден астам балғын қатысты.

Шара аясында балалар түрік және қазақ әндерін шырқап, би биледі. Сондай-ақ шараға келген аниматор актерлер өз өнерлерімен балалар мен ересектердің көңілін көтерді.

Дәстүр бойынша, биылғы жылы елшілік креслосы осы күнге арналған балаға табысталды.

Шара соңында балалар мәзірі түрінде дайындалған тәттілерден кейін Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа КАПУДЖУ мерекелік шараларға қатысушы балаларға түрлі сыйлықтар табыс етті.

Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік, 23 сәуір күнін «Балалар күні» деп атап, аманат етіп кеткен. «Балалар болашағымыздың кепілі, өміріміздің мәні. Бүгінгі ұрпақты, ертеңгі күннің егесі ретінде тәрбиелеу әрбіріміздің борышымыз».- деген Түркияның алғашқы президенті.

Бүгінгі «Балалар мерекесі» құтты болсын!

 

TuraNews

Back to top button