Спорт

Елордада шахматтан әлем чемпионаты мәресіне жетті

Астанада бір айға жуық жалғасқан шахматтан әлем чемпионатының жабылу салтанаты болды, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жабылу салтанаты да турнирдің өзіндей жеңіл әрі жинақы өтті. Ел өнерпаздарының ұлттық нақыштағы қойылымдары шараға өзіндік реңк бергендей болды.

Әлем чемпионатының түйінін қойып, қорытындысын жариялау үшін Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Халықаралық шахмат федерациясының басшысы (FIDE) Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов сахнаға көтерілді.

Аркадий Дворкович осы турнирде әлем чемпионы атанған қытайлық Дин Лижэнді марапаттар алдында ақтық сайысқа шыққан қос шахматшының иығына шапан жабылды.

TuraNews

Back to top button