Басты

Елордада Қазақстан мен Қырғызстанның парламент спикерлері кездесті

Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиев Қазақстанға ресми сапармен келді және Сенат өкілдерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті, деп жазады Turanews.kz.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ-қырғыз бауырластығы ғасырлармен өлшенетінін және бүгінде өзара байланыс көпке үлгі екенін айтты және Алатаудың бөктерін қатар жайлаған егіз халық болашаққа бірге қадам баса беретінін тілге тиек етті.

Тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Біз бауырлас халықтар ретінде ғасырлар бойы бір-бірімізді қолдап келеміз және оны жоғары бағалаймыз. Біздің елдеріміздің басшылығы деңгейіндегі кездесулердің қарқыны мен мазмұны екіжақты байланыстардың беріктігін көрсетеді, – деді Мәжіліс спикері.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін бірлесіп шешудің маңыздылығын талқылады. Атап айтқанда, су-энергетика кешені, шекаралық бақылау, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастық, туризм және тағы басқа мәселелер.

Өз кезегінде Нурланбек Шакиев Қазақстан халқын елде жүргізіліп жатқан табысты саяси реформалармен құттықтап, қырғыз елі Қазақстан басшылығының барлық бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ жиында Қазақстанда 40 мыңнан астам қырғыз этносының өкілі тұратыны және Ассамблея аясында 10 өңірлік қырғыз этномәдени бірлестігі жұмыс істейтіні айтылды.

TuraNews

Back to top button