ҚоғамЭкономика

Елордада осы айдан бастап жылу тарифі 20 пайыз өсті

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Қанат Құлназаров елордада жылу тарифтері 1 шілдеден бастап қалай өзгергенін баяндады, деп жазады Turanews.kz.

«Жылумен жабқытау саласында табиғи монополияның үш субьектісі жұмыс істейді. Бұл – жылу энергиясын өндіретін «Астана-Энергия» АҚ, жылуды тарататын «Астана-Теплотранзит» АҚ және жылумен жабдықтайтын «Астанаэнергосбыт» ЖШС.

«Астана-Энергия» АҚ-ның тарифі еңбекақы шығындарын 892 млн теңгеге ұлғайтумен, газ, көмір, мазут сияқты стратегиялық тауарларды сатып алу шығындарын 5,8 млрд теңгеге өсірумен, жылу өндіру көлемінің 31%-ға артуымен және стратегиялық тауарлардың қымбаттауымен байланысты түзетілді. Өзгеріс мөлшері – 23%, 1 ГКал энергияның құны — 1 837,2 теңгеден 2 261,5 теңгеге өсті», — деді ол.

Департамент басшысы жылумен жабдықтау тарифі де артқанын айтады.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның тарифі еңбекақы шығындарын 631 млн теңгеге ұлғайтумен, электр қуатына жұмсайтын шығынның 359 млн теңгеге жетуімен, жергілікті әкімдіктерден қайтарып алған желілерді күтіп ұстау шығындарын 180 млн теңгеге дейін өсірумен, желілерді реконструкциялауға 1,1 млрд теңге қосымша инвестиция салумен байланысты өсті. Демек, тариф 230,4 теңгеге, 1 ГКал энергияның құны 1 236,5 теңгеден 1 466,8 теңгеге дейін ұлғайды.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің сумен жабдықтау тарифі еңбекақы шығындарының 180 млн теңгеге артуына, жылу энергиясын сатып алу шығыны 4 млрд теңгеге көбеюіне, жылуды тарату шығындары 2,5 млрд теңгеге өсуіне байланысты өзгерді. Сонда жылу тарифінің жиынтық өзгерісі халық үшін 20% өсті», — деді Қанат Құлназаров.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button